Саран қаласында автобус шығаратын зауыт іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саран қаласында автобус шығаратын зауыт іске қосылды

21.12.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, «Спутник V» (спутник- 5) вакцинасын өндіруді бастап берді. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясындағы бірегей жоба. Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі. Келер жылы ақпан айында жаппай екпе жасалады. Вакцина бірінші кезекте медицина, құқық қорғау қызметкерлері, педагогтер мен студенттерге, сондай-ақ созылмалы аурулары бар азаматтарға ерікті түрде салынады.  

Сергей Барон, Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директоры: 
-Біз толықтай дайын өнім шығарамыз. Еліміздегі фармацевтикалық зауыттардың ішінен біздің кешеніміз өндіріске қолайлы деп таңдалды. Вакцина бұл биотехнологиялық күрделі өнім. Біз өзіміздің техникалық базамызды жаңғыртып, мамандарымызды оқыттық. Алдағы уақытта өндіріс қуатын арттыра түсеміз.  

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Саран қаласында автобустар мен арнайы техника шығаратын зауыттың ашылуына қатысты. Кәсіпорын жылына 1200 автобус, 500 арнайы техника құрастырады. Жобаның құны 23 млрд теңге. Алғашқы автобус жаңадан ашылған № 104 мектеп-гимназиясына сыйға берілді. Келесі жылы осындай көліктер облыстың басқа оқу орындары үшін сатып алынады. Асқар Мамин өңірге сапары барысында өзге де кәсіпорындарды аралады.

Руслан Нұрланұлы                                                           


Саран автобус шығаратын зауыт

Хабарламаларға жазылу