Бішкекте ұшақ апаты кезінде қаза болғандар саны 32-ге жетті, деп хабарлайды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады.
Сағат таңғы 10:00-дегі дерекке сәйкес «Манас» әуежайындағы апат салдарынан 32 адам қаза тапқан. Оның 4-еуі - ұшқыш.
Оқиғаға байланысты елдің бірінші вице-премьер-министрі Мухамметкалы Абулгазиевтің басшылығымен штаб құрылды. Оқиға орнында көлік, ТЖМ, денсаулық сақтау министрлері бар.
Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында, әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан әуе көлігі апатқа ұшырады.