Елімізде бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде жаңажылдық мерекелік кештер өткізуге тыйым салынады. Себебі 5 қаңтарға дейін карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Осы орайда белгілі кәсіпкерлер мен саясаткерлер де Жаңа жылды отбасыңызбен, өз үйіңізде қарсы алуға кеңес береді.
Арманжан Байтасов, кәсіпкер:
Құрметті достар, мен өзім де саяхаттағанды, достармен, әріптестермен жиналып әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көретін адаммын. Бірақ қазір қиын кезең. Өзіңіздің және жақыныңыздың денсаулығын сақтап, корпоративтік кештерден бас тартыңыздар. Осы індет аяқталған соң, әлі талай керемет кештер өткіземіз. Сондықтан шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын.
Дәулет Кәрібек, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы
Жаңа жылда мейрамхана-барларда жүрмей, үйде отырып батыр болатын уақыт келді.
Ақниет Балтанова