Жалпы, ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны қайтадан көбейе бастады. Кеше 739 адамның індетке шалдыққаны анықталды. Вирустық инфекция белгілері бар пневмонияны 190 адам жұқтырып, 4 науқас қайтыс болған.
Ал, осыған дейін жасыл дәлізде болған Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысы қайтадан «сары» аймаққа кірді. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары да орташа қауіпті аймақтар қатарында. Ал, Атырау өңірі әлі де «қызыл аймақта» қалып тұр. Еліміздің өзге облыстарында жағдай қалыпты, олар жасыл дәлізде.
Амангелді Сейітхан