ОСК өкілдері ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК өкілдері ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларымен кездесті

23.12.2020

Бүгін орталық сайлау комиссиясы өкілдері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен кездесті. Өкілдер ағымдағы сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты пікір алмасты. Делегация мүшелері сайлауалды өткізіліп жатқан шараларға оң баға берді. Кездесу соңында тараптар сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оларды байқау бойынша жұмыста өзара табыс тіледі. Айта кетейік, қаңтардағы саяси науқанға 276 халықаралық байқаушы аккредиттелген болатын.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу