Сенатта қоғамдық кеңестер қызметіне қатысты заң қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта қоғамдық кеңестер қызметіне қатысты заң қаралды

24.12.2020

Қоғамдық кеңестер енді квазимемлекеттік сектор мен сатып алу комиссияларының жұмысына тартылады. Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерді қарау немесе қараусыз қалдыруды өздері шешеді. Сенат отырысында депутаттар қоғамдық кеңестердің қызметі туралы заңды қарады. Құжатқа сәйкес, құрылымның материалдық жағдайын жергілікті мәслихат реттейді. Сондай-ақ, жыл сайын Мемлекет башысына қоғамдық кеңестің қызметі туралы Ұлттық баяндама әзірленеді. Сенат ұсынған түзетулер Мәжіліске жіберілді.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бүгінгі таңда қоғамдық кеңестер Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айнылып отыр. Аталған баптардың барлығы да қоғамдық кеңестер жұмысын жүйелеуге, дамытуға толығынан мүмкіндік береді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу