Павлодар облысында үш балабақша карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында үш балабақша карантинге жабылды

24.12.2020

Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласында үш балабақша карантинге жабылды. Ал, өңірдегі Ертіс және Успенка аудандарында вирус өршіген соң мектепке дейінгі мекемелер қараша айынан бері жұмыс істемейді. Бүгінде аймақ бойынша мектеп жасына дейінгі 77 бала мен 54 маман короновирус жұқтырған. 

Ғизат Әбешов, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Бүлдіршіндердің де, ересектердің де жағдайы тұрақты.Олардың бәрінде ауру белгісі байқалмады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу