«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті

24.12.2020

Премьер-Министр «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда кәсіпорындарды жасыл технологияларды пайдалануға ынталандыру тетіктері қаралды. Мәселен Еуропа елдерінде озық технологияларды пайдаланудың арқасында ауаға тарайтын улы газдардың көлемі айтарлықтай азайған. Енді осыны еліміздің зауыттарына енгізу үшін Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жұмысын жандандыру қажет. Отырыс соңында су ресурстарын пайдалану, қалдықтарды басқару, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсарту және «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.   

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу