Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу инфляция өсуіне әкелуі мүмкін. Ұлттық банк қаржы-несие саясатына қатысты баяндамасында осындай дерек келтірді. Зейнетақы қорынан нарыққа түсетін ақша бағаның қымбаттауына себеп дейді мамандар. Әсіресе үй алуға, жөндеу жұмысына емделуге жұмсайтын қаражат. Бұл жылжымайтын мүлік пен медициналық қызметтер бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Ұлттық банк инфляция биыл 7,5% деңгейінде қалады деп болжайды.
Ақерке Бектас