2021 жылы мүлікті жария етудің бірінші кезеңі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылы мүлікті жария етудің бірінші кезеңі басталады

25.12.2020

Мүлігін жасырып, салықтан жалтарғандарға тықыр таянды. Жаңа жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі басталады. Оған сай жауапты мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары мүлкін жария етуі тиіс.  

Оған жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, әуе және теңіз кемелері, көлік құралдары, арнайы техникалар, шетелдік банктердің есепшотында сақталған қаражаты жатады. Әрі олар осы шетелдегі шоттарын жабуы тиіс. Өйткені мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде есеп шот ашуға заңмен тыйым салынғаны белгілі. Мүлікті жариялап, есепшотты жабуға жарты жыл уақыт беріліп отыр. Үлгермегендерге жаппай айыппұл салынбақ.  

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу