Теңге қайта нығая бастады. Бүгін төл ақшамыз долларға шаққанда сәл қымбаттады. Қор биржасындағы сауда нәтижесі мынадай. Бір АҚШ ақшасы – 419 теңге 60 тиын, еуро – 511, Ресей валютасы – 5 теңге 50 тиынға тең.
Бұған әдеттегідей мұнай бағасының өсуі себеп. Брент маркалы қара алтын бүгін сәл қымбаттап, баррелі 51 доллардан сатылып жатыр. Ал сарапшылар болса алдағы жылы мұнайға жаһандық сұраныс қайта артып, баға бұдан да қымбаттайды деп болжап отыр. Бұған індеттің бәсеңдеуі мен АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынастың жақсаруы әсер етпек.
Досжан Маратұлы