Алматыда жасырын жұмыс істеген түнгі клубтар мен караоке-барлар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жасырын жұмыс істеген түнгі клубтар мен караоке-барлар анықталды

28.12.2020

Алматыда карантин талаптарына қарамастан, көпшілік кештер ұйымдастыру тыйылар емес. Қаланың мониторингтік топтары заңсыз жұмыс істеген түнгі клубтар мен караоке-барларды анықтады. Демалыс орындары рұқсат етілмеген уақытта қонақ қабылдаған. Ал көпшілік маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған. Сондықтан санитар мамандар мекеме иелерінен бөлек, келушілер де жауапкершілікке тартылатынын тағы да ескертті. 

Айта кетейік, қазір мегаполистегі эпидахуал күрделі. Соңғы айларда ауру өсімі апта сайын 1,1 есе өсіп, 2 мыңға жуық адам инфекция жұқтырған. Осыған орай, мамандар тұрғындарды көпшілік орындарға бармауға және сақтық шараларын орындауға шақырды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу