Павлодарда аутизммен ауыратын балаларға арналған бейімдеу орталығы ашылды. Тегін қызмет көрсететін бұндай мекемелер саны еліміз бойынша 9-ға жетті. Павлодардағы орталық 75 балаға арналған. Қазір шаһарда аутизм диагнозы қойылған 40-қа тарта жеткіншек тұрып жатыр. Бүгінгі күнге дейін ата-аналар балаларын кәсіби мамандарға қарату үшін Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Өскемен қалаларына баратын.
Мария Терентьева, Павлодар қаласының тұрғыны:
Біздің арамызда мүгедек ата-аналар бар. Оның үстіне баланы емдету керек. Өте қиын болды, әрине. Мәселен, кей кездері бала ашуланып, қиқар мінез көрсете бастайды. Маған бұл жерде енді өз ұлыммен қалай сөйлесуім керек, өмірге баулу, сабақ оқыту әдістерін үйретеді. Рахмет, бізге өте үлкен көмек жасалып жатыр.
Болат Аманбаев