Елімізде валюта айырбастау пунктері 13%-ке азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде валюта айырбастау пунктері 13%-ке азайды

28.12.2020

Елде валюта айырбастау пунктерінің саны 13%-ке азайды. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 2 мыңнан аса айырбастау орындарының 350-ден астамы биыл жұмысын тоқтатты. Көбісі Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды мен Шығыс Қазақстанда жабылып қалды. Айырбастау пунктері қауымдастығы бұған жарғылық капитал мөлшерінің 100 млн теңгеге дейін өсуі себеп дейді. Айырбастау орындарының көбі Ұлттық банктің бұл талабын орындауға қауқарсыз. Сондықтан нарықтан кетті. Бұдан бөлек, шетелдік валюта айырбастайтындар саны да айтарлықтай азайған.  

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу