Парламент өлім жазасынан бас тарту туралы заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент өлім жазасынан бас тарту туралы заңды қабылдады

29.12.2020

Биыл Парламент 100-ден астам заң қабылдады. Оның 30-ға жуығына Парламент депутаттары бастамашы болған. Сеннаттың бүгінгі жалпы отырысында 5 заң жобасы қаралды. Қашықтан оқыту процесін заңмен бекіту, ветеринария мәселелері туралы заң жобасы пысықталды. Атап айтсақ, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды бақылау үшін фото және бейне аппаратураны пайдалануға рұқсат етілмек. Бұл осы саладағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, стратегиялық, аса маңызды объектілер мен террористік тұрғыда осал нысандарды қорғайтын күзет ұйымдарына лицензиялық іріктеу туралы құжат қаралды.  

Сонымен қатар, Парламент өлім жазасынан бас тарту туралы заңды қабылдады. Өлім жазасын қолдану заңды түрде рәсімделген ескертпе болған жағдайда тек соғыс уақытында рұқсат етіледі.   

Фариза Мұсақызы  


Хабарламаларға жазылу