Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Спикер Жолдауда айтылған мәселелерді іске асыруға бағытталған жаңа «Экологиялық кодекс» пен «Техникалық реттеу туралы» заңдардың қабылданғанын айтты. Мемлекет басшысы алдағы уақытта елімізде саяси және экономикалық даму бағдарламаларының жалғасатынын, басқа салалар бойынша да ауқымды жұмыстардың атқарылатынын айтып, Сенат төрағасына аталған бағыттағы заңдарды реттеуді тапсырды.
Ақниет Балтанова