Мереке қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейеді

30.12.2020

Мереке қарсаңында ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Полиция автопатрульдері мен көшелердегі жаяу нарядтардың саны артады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексеру жүргізіледі. Тәртіп сақшылары Жаңа жыл алдындағы акциялар кезінде интернет-алаяқтық көбейетінін ескертіп отыр. Сол себепті онлайн сатып алу кезінде тексерілген сайттарды пайдаланған абзал. Құқық қорғау қызметкерлері мейрам кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.   

Фариза Мұсақызы 


Хабарламаларға жазылу