«Қазатомөнеркәсіп» 3 еншілес кәсіпорнын сатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазатомөнеркәсіп» 3 еншілес кәсіпорнын сатады

30.12.2020

«Қазатомөнеркәсіп» 3 еншілес кәсіпорнын сатады. Ұлттық атом компаниясы үш серіктестікті жарғылық капиталындағы 100% үлесімен аукционға шығарды. Электронды саудадағы мәліметке сәйкес, кәсіпорындардың бірі «Astana Solar»-дың бастапқы бағасы 3 млрд теңгеден асады. Аукцион 12 ақпанда өтеді. «Қазатомөнеркәсіп» бұған дейін де бұл кәсіпорындарды бірнеше рет сатпақ болды. Соңғы саудада 3 серіктестіктің бастапқы бағасы 18 млрд теңгеден асқан еді.   

Ақерке Бектас  


Хабарламаларға жазылу