Алматыда бір тәулікте 100 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 100 адам коронавирус жұқтырған

04.01.2021

Алматыда эпидахуал әлі де күрделі.  

Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстанған абзал,- дейді мамандар.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, шаһар «сары» аймақта тұр. Желтоқсанда 2300-ге жуық адамнан вирус анықталған. Зерттеулерге сүйенсек, індетті жұқтыруға 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар бейім. 1 ай ішінде ауырғандардың 64 пайызы - осы жастағылар. Қоғамдық орындар, дәріхана мен дүкендер, дәмханалар, сауда орындары мен базарлар - індет көп тарайтын орындар қатарында. Қалада соңғы тәулікте 100 адам коронавирус жұқтырған.    


Хабарламаларға жазылу