Атырауда Қазақстан Халық партиясының өкілдері мотошеру өткізді. Шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қоюдан басталды.
Акцияға депутаттыққа үміткерлер мен өңірлік штаб мүшелері, волонтерлер және кандидаттардың сенімді өкілдері қатысты. Мотошеру қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, Азаттық 17 мекенжайында аяқтады. Қазақстан Халық партиясы қоғамдағы мәдени алмасудың тиімді тетіктерін құруды және барлық этностардың мәдени мұрасын сақтауды негізгі міндет деп біледі.
Исатай Балмағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер:-Тегін білім алу ең басты қойып отырған мәселесі. Сосын тегін емделу партияның қойып отырған мақсаты. Халықтың көкейтесті мәселелерін көздейді.
Партия мүшелері лайықты еңбекақы төлеуге, қаржыландырудың жеңілдетілген тәртібіне, есеп берудегі бюрократиялық талаптарды азайтуға және өз өмірін ғылымға арнағысы келетін жастар үшін тәлімгерлік институтын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Жандос Темірғали