Электоралдық оқытуды ұйымдастыру бойынша республикада 5 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Оған аумақтық сайлау комиссияларының мыңдаған мүшесі қатысты. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерін оқытуға арнайы оқу-әдістемелік кешен әзірленді. Бұдан өзге, шетелдердегі сайлау учаскелері комиссияларының мүшелері үшін екі семинар-кеңес ұйымдастырылды. Аталмыш курстар сайлау құқығының базалық нормаларын, сайлаудың халықаралық қағидаттарын білуге бағытталған. Жалпы сайлау процесінің басқа да қатысушылары санатынан 23 мыңға жуық азамат дәріс алды.
Фариза Мұсақызы