Биыл еуро қаражат жинайтын ең сенімді валютаға айналуы мүмкін. Қор нарығы бойынша сарапшылар осындай болжам жасады. Айтуынша, Еуропа экономикасы Америкаға қарағанда тезірек қайта қалпына келеді. Ал АҚШ-тағы жағдаймен долларға қысым күшеюі мүмкін. Сондықтан мамандар қаражаттың бір бөлігін шетелдік валюта ішінде еуромен сақтаған тиімді деп отыр.
Ал теңгенің бүгінгі бағамына тоқталсақ. Қазақстан қор биржасында долларға шаққанда ұлттық валюта бүгін 418 теңгеге теңесті. Еуро 516, рубль 5 теңге 69 тиын.
Ақерке Бектас