Шетелдік банктер Қазақстанда филиалын ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік банктер Қазақстанда филиалын ашады

05.01.2021

Шетелдік банктердің Қазақстанда филиалын ашу жолы жеңілдетілмек. «Бір ғана өтініш» жүйесімен қаржы институттары енді бірнеше құжатты бірден алады. Бұл банк филиалын ашу, есептік тіркеу, басшыны тағайындау және лицензияға қатысты. Сарапшылар шетелдік банктердің ішкі нарыққа кіру елге шетелдік инвестицияларды тікелей тартуға ықпал ететінін айтады. Әрі қаржы нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді. 

Ақерке Бектас 

Хабарламаларға жазылу