ІІМ мен Бас прокурор қылмыстық іс жүргізу кодексіне баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ мен Бас прокурор қылмыстық іс жүргізу кодексіне баға берді

05.01.2021

Ішкі істер министрі мен Бас прокурор өзгеріс енгізілген қылмыстық іс жүргізу кодексіне баға берді. 31-ші желтоқсаннан бастап тергеу органдары қылмыстық істер бойынша кейбір процессуалды шешімдерді міндетті түрде прокуратура органдарымен келісуі тиіс. Енді тергеушінің азаматтарды күдікті деп тану, олардың әрекеттеріне баға беру, қылмыстық істі тоқтату мен айыптау хаттамаларына прокурор келісім бермесе құжаттың заңды күші болмайды. Бұл өзгерістер тергеу барысындағы заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін қабылданған. Өзгеріс енгізілген алғашқы бірнеше күнде тергеушілердің 1452 шешімнің прокурорлар 1274-імен келісіп, 166 шешімді кері қайтарған. 

Бауыржан Мырзакеров, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры:
-Бұл шешімдердің барлығы электронды форматта прокурорға жолданады. Прокурор мен тергеуші қазір енді кездеспейді. Қылмыстық істің заңдылығын қарап шешімді заңды немесе заңды емес деп есептейді.

Хабарламаларға жазылу