Қызылордада электронды қызмет көрсету аясы кеңейе түсті. Қала тұрғындары енді арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, мемлекеттік органдардан тиісті қызмет түрін алуына мүмкіндігі бар.
Ол үшін шаһардың әр мөлтек ауданынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, бүгінде олардың саны 16-ға жетті. Соның бірі, көші-қон қызметінің ғимаратында іске қосылды. Ғаламтор желісіне қосылған компьютерлерден Egov порталына қосылып, қажетті құжатын ала алады. Жалпы қызылордалықтарға мемлекеттік қызметтің 80 түрі көрсетілсе, соның 59-ы электронды форматта жүзеге асырылады.
Әділбек Серікұлы