Шымкентте карантинді елемеген асхана иесі жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте карантинді елемеген асхана иесі жауапкершілікке тартылды

06.01.2021

Шымкент қаласындағы тамақтану орындарының бірі карантиндік шектеулерге қарамастан жұмысын түнгі сағат бірге дейін жалғастырған. Фасфуд тағамдарын әзірлеп, сатумен ғана айналысуы тиіс асхана келушілерді ішке жайғастырып, қызмет көрсеткен. Мобильді топтың мүшелері түсірген бейнекадрлардан жастардың мұнда кальян шегіп, көңіл көтергенін аңғаруға болады. Тіпті даяршылар мен қонақтарда да бетпердесіз жүр. Карантин талаптарын бұзғаны үшін асхана иесі айыппұл төлейді.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу