Атырау облысында Теңіз мұнай кенішінің тағы 45 жұмысшысы коронавирус жұқтырды. Ал, бір тәулікте өңір бойынша 75 адам індет құрығына ілікті. Облыстық инфекциялық стационарда 91 науқас, ал аудандарда 43, Теңіз кенішіндегі стационарда 816 адам емделіп жатыр. Айта кетейік, індет өршіген тұста, облыстың бас санитар дәрігері тағы да ауысты. Пандемия басталғалы осымен сегізінші басшы тағайындалды. Енді, өңірдегі эпидемиялық ахуалға Мәдениет Танауов жауапты.
Жандос Темірғали