Шымкентте карантин тағы 20 күнге ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте карантин тағы 20 күнге ұзарды

07.01.2021

Шымкентте карантиндік шектеу қаңтар айының 25-не дейін ұзартылды. Санитарлық талап бойынша мерекелік шаралар, мерейтой мен той думан өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, жағажай, демалыс орындарында үш адамнан артық шоғырланбауды, жасы 65-тен асқан азаматтардың мүмкіндігінше сыртқа шықпауын ескертеді. Шаһардың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес үшінші тоқсаннан бастап 1 мен 5-сынып аралығындағы оқушылар мектеп партасына жайғасып, дәстүрлі форматтағы сабақтарын бастайды. Жалпы мектептер өз сыйымдылығының үштен біріне лайықтап, оқу процесін жалғастырады.  

Ғани Қалмаханов 


Хабарламаларға жазылу