Шекарадағы кептеліс форс-мажор деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы кептеліс форс-мажор деп танылды

07.01.2021

Еліміздің жүк көліктері мен вагондарының Қытайға кіре алмай, шекарада айлап кезек күтуі форс-мажор деп танылды. Бұл туралы ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады. Айтуларынша бұл кәсіпкерлерге сауда серіктесімен арада туындаған мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Өйткені бекеттегі жағдай шілде айынан бері оңалар емес. Індетке байланысты Қытай тарапы көліктерді зорға кіргізіп жатыр. Салдарынан кептеліс пайда болып, сегіз мыңнан астам вагон мен жеті жарым мың жүк көлігі шекарада қаңтарылып тұр. Екі ортада өз міндеттемесін уақытында орындамаған осы отандық тауар экспорттаушылар зардап шегіп отыр. Енді форс-мажор туралы куәлікті алу үшін ұлттық палатаға хабарласса болады.  

Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу