Павлодарда жылу құбырының шұңқырына құлап кеткен тұрғынның жағдайы ауыр. Қазылған ордың іші ыстық суға толы болғандықтан, 63 жастағы әйелдің денесін күйік шалған. Жедел ауруханаға жеткізенмен, беті бері қарар емес дейді дәрігерлер.
Естеріңізге сала кетейік, кеше қаланың орталығында жылу құбыры жарылып, көпқабатты ондаған үй жылусыз қалған болатын. Сақтық белгілері қойылған қоршауға қарамастан әйел адамның жөндеу жұмыстары жүріп жатқан апатты аумаққа неге өтіп кеткені белгісіз. Қалалық коммуналдық қызмет мамандарының сөзіне қарағанда, шұңқырдағы судың температурасы 100 градусқа дейін жетуі ықтимал. Полиция оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр.
Эльмира Темірғалиева, Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:
Науқастың денесінің 45 пайызы күйіп қалған. Қазіргі жағдайы ауыр. Реанимация бөлімінде.
Болат Аманбаев