ЕЭО елдерінің банкінен несие алу мүмкіндігі пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО елдерінің банкінен несие алу мүмкіндігі пайда болмақ

08.01.2021

Енді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кез-келген банкінен несие алу мүмкіндігі пайда болмақ. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан осындай бастаманы қолға алды. Ол үшін азаматтардың несие тарихы туралы мәліметтерді алмасуға қатысты келісімге келу көзделген. Бұл арзан несие іздеген кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтарға жақсы дейді сарапшылар. Бес елден өзіне ұнаған банктен несие рәсімдейді. Қаржы ұйымдары үшін де бұл үлкен мүмкіндік. Бірақ бәсекелестікке дайын болуы керек дейді мамандар.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу