Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін

08.01.2021

Еліміздегі барлық кинотеатрлар 1 ақпаннан бастап 3,5 айға жабылуы мүмкін. Бұл туралы «Кинотеатрлар альянсының» президенті Мунира Ягудина мәлімдеді. Себебі көптеген Голивудтық киностудиялар өз фильмдерінің премьерасын күз мезгіліне жылжытқан. Яғни эпиджағдай тұрақталғаннан кейін көрсетуді жоспарлап отыр. Отандық кинопродюсерлер де осындай шешімге келген. Сондықтан бізде енді репертуар жоқ. Бәріміз бірауыздан уақытша жабылу туралы шешімді қолдап отырмыз деді ол. 

Айта кетейік, былтыр наурызда енгізілген карантин шараларында кинотеатрлардың жұмысы жаппай тоқтаған еді. Тек жыл соңына қарай олар жұмысын жалғастыруды бастаған.

Ақниет Балтанова

кинотеатр

Хабарламаларға жазылу