Әр сайлау партиялар үшін үлкен тәжірибе. Электоралды науқан саяси ұйымдардың жұмысына жан бітіріп, үлкен мәселелердің шешілуіне түрткі береді. Сайлау учаскілеріне келіп дауыс берген партиялардың төрағалары осылай дейді. Сондай-ақ, саяси науқанға дайындық барысында барлық партияға бірдей мүмкіндік берілген. «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев та сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Сайлаудың маңызына тоқталып, әр тұрғынның болашаққа үлес қосуы керектігін айтты.