Елдегі елеулі сәт, тарихи таңдаудан Жамбыл облысы, Қасқабұлақ ауылындағы қараша да қалыс қалмады.
Қасқабұлақ ауылында ашылған №409 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Ауылда дауыс беру құқығына ие 480 сайлаушы бар, оның 72% сағат 16.00-ге дейін дауыс беріп үлгерген.
Ауыл тұрғындары бұл ерекше сайлау екенін, сайлауға жастар түсіп жатқанын, сондықтан, сайлаудан тек жақсылық күтетіндерін айтады. Сонымен қатар, ауыл азаматтары сайлау дұрыс әрі әділ өтіп жатыр дейді.
Тағы бір айта кетерлігі, әртүрлі себептерге байланысты, ауылдың 41 тұрғыны үйде дауыс беруге өтініш білдірген.
Нұрлан Әбдікәрім, Жамбыл облысы