Сайлаушылар арасында сауалнама жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаушылар арасында сауалнама жүргізілді

10.01.2021

Атырау облысына қарасты аудандармен елді мекендерде сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіліп жатыр. Аталған жұмысқа "Қоғамдық пікір" институтының 8 қызметкері бекітілді. Еxit-poll бағдарламасы, Доссор кентінде орналасқан № 212 сайлау учаскесіне келушілерді де қамтыды. 

Ал, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілдері Павлодар облысы, Ақсу қаласы сайлаушылары арасында да әлеуметтік сауалнаманың 4- ші кезеңін жүргізуге кірісті. Шағын шаһар аумағында 40 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Мәліметтер құпия сақталады. 

Жандос Темірғали, Өнербек Жаңабай 

  

Хабарламаларға жазылу