«Нұротандықтар» Exit poll нәтижесін партияның штабында отырып білді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та партияластарының қатарына қосылған.
Еске сала кетейін, еліміздің жетекші саяси ұйымы сауалнама нәтижесі бойынша 72 пайызға жуық дауысты иеленді. Партия төрағасы бұл «Nur Otan»-ның ұзақ жылдар бойы атқарған жүйелі жұмысының жемісі екендігін атап өтті. Себебі саяси ұйым қалың көпшілік арасында өзін нақты істер партиясы ретінде қалыптастырған.
Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары партия жаңару кезеңінен өткенін айтты. Құрамына халық арасында беделі бар жаңа көшбасшылар, озық ойлайтын азаматтар қосылды. Партия бастамасымен әр аудан, қала, облысты дамыту бойынша халықтық жобалар әзірленді. Сонымен қатар еліміздің алдағы 5 жылдағы даму жоспары түзілді. Ол жоба 5 институционалдық бағдарламамен ұштасып жатыр.
Асима Нұрбайқызы