Сайлау күнінде Түркістан облысында 135 сәби дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау күнінде Түркістан облысында 135 сәби дүниеге келді

11.01.2021
Сайлау күнінде Түркістан облысында 135 сәби дүниеге келді

Сайлау күнінде Түркістан облысында 135 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Бір тәулік ішінде 63 ұл бала, 72 қыз бала туған. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мұның бұрын-соңды болмаған жағдай екенін, яғни, бұл күні әдеттегіден екі есеп көп нәресте дүниеге келгенін айтты. Жаңа босанған аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы.

Сайлау күні дүние есігін ашқан сәбилерге ең көп қойылған есімдер қатарында Сайлау, Сайлаугүл, Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт бар. Облыс перзентханасындағы жүкті және босанған әйелдер таңғы 7:00-ден бастап дауыс берді. Облыс бойынша перзентханада жатқан 300-ден астам әйел сайлауға қатысқан.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 100 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Өңірде бір тәулік ішінде шамамен 50-60 нәресте өмірге келеді.

Хабарламаларға жазылу