Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Мәжіліске 3 партия өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Мәжіліске 3 партия өтті

11.01.2021

Сайлаудың алдын ала қорытындысы тағы өзгерді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария етті.  

Қазіргі нәтиже бойынша 3 партия Мәжіліске өтті. Олар - «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan» және «Ақ жол». Ал қалған «ADAL» мен «Ауыл» партиясы тиісті 7 пайыздық көрсеткішке жете алмады. Нақты соңғы нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады.  

Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы: 
- Осылайша, алдын ала нәтижелерге сәйкес сайлаушылар дауыстары былайша бөлінді: «Nur Otan» партиясы 71,09%,. «Ақ жол» 10,95 %, «Қазақстан Халық партиясы» 9,10 %, «Ауыл» 5,29 %, «ADAL» 3,57 %.

Асима Нұрбайқызы 

Хабарламаларға жазылу