Еліміздегі эпидахуал әлі де тұрақсыз. Атырау облысы «қызыл» аймақ қатарына қосылды. Өңірде өткен тәулікте 73 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. «Қызыл» аймақ тізімінде Ақмола облысы да бар. Өңірде соңғы 2-3 күнде науқастар саны күрт өсті. Облыста ауруға шалдыққандар азаяр емес. 1-ші қаңтардан бері тәулігіне 55-60 адам індетке шалдыққан. Әзірге карантин талаптары күшейтілген жоқ. Дегенмен жағдай оңалмаса, жаңа шектеулер енгізілуі әбден мүмкін. Ал мамандар тұрғындарды сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ермек Елберген