Павлодарда өткен сенбі күні болған бұршақ аралас нөсер кезінде көпқабатты үйлердің бірінің төбесі қирады. Орталық базардың шатыры тесіліп, ішке кеткен су бүкіл ғимаратқа жайылды. Ағаштар құлап, бірнеше көлікті басып қалды. Толассыз жауған жаңбыр, әсіресе «Зеленстрой» шағын ауданы тұрғындарына қиын болып тұр. Осыған орай тұрғындар арнамызға хабарласып, аймақтағы тілшіміз Болат Аманбаев олардың жағдайын біліп қайтты.
Болат АМАНБАЕВ