ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ЖОО студенттерінің ІІ семестрде қалай білім алатынын айтып берді.
«Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 1-курс студенттері аралас форматта оқиды. Яғни, дәрістер онлайн форматта, ал практикалық және зертханалық жұмыстар дәстүрлі форматта өтеді. 2-4 курс студенттері қашықтан оқуды жалғастырады. Қазіргі таңда 150 мың 1-курс студенті білім алып жатыр», - деді вице-министр.
Ол оқу орындары студенттерді қабылдауға дайын екенін, онда барлық санитарлық талап сақталатынын айта кетті.
«Аудиториялар 40 пайызға толы болады. Бір студентке 5 шаршы метр жер қарастырылады. Жатақханалар да студенттерді қабылдайды», - деп түсіндірді Дәуленов.