Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын сайлау нәтижелерін жариялау жөнінде отырыс өткізді. Жиынға өңірлік филиалдардың өкілдері онлайн қосылып саяси науқан нәтижелері туралы есеп берді. Жалпы түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығына 8 мыңнан астам кандидат ұсынылған. Оның 45 пайызға жуығы әйелдер мен жастар. Республика бойынша 1 орынға 3 адам таласқан. Биылғы мәслихат сайлауының ерекшелігі алғаш рет партиялық тізім бойынша өтті. Енді әр партияға үлестірілген мандат бойынша партиялар депутаттарды бекітеді.
Берік Имашев, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:-Енді келесі рәсім депутаттық мандаттарды бөлу. Сайлау туралы заңға сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партиялардың тиісті филиалының басшы органы сайлау қорытындыларын жариялағаннан күннен бастап 5 күннен кешіктірмей айқындайды.
Оңғар Алпысбайұлы