Елордада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Қаңтардың алғашқы он күндігінде шаһар сары және қызыл аумақтың шекарасында тұрды. Жаңа жылдық мерекелік кештерден кейін коронавирусқа шалдыққан науқастар саны артып жатыр. Егер де вирус жұқтырғандар саны көбейе беретін болса онда қосымша шектеулер енгізіледі деді қаланың бас санитары.
Шерхан Жамбылұлы