Әзірге бес тойхананың жұмысын тоқтату туралы іс экономикалық сотқа жіберілді. Мейрамханалардың үшеуі Түркістанда, қалған екеуі Сарыағаш пен Мақтаарал ауданында орналасқан. Жыл басынан бері санитарлық талаптарды бұзған 170 азаматқа айыппұл салынған. Үйде отбасылық жиындарды өткізіп, көкпар ұйымдастырғандарға жалпы сомасы 8 миллион 357 мың теңге айыппұл салынған.
Нұрбек Нышанов, Түркістан облысының бас санитар-дәрігері:- Тіптен бес ретте қайталап, қызметін жалғастырып, көпшілікке жаңағы той жиын өткізген тойханалар бар. Кәсіпкерлердің көбісі әкімшілік іске ілінбей жатыр. Себебі, олар жұмыс орнында жоқ, кетіп қалған. Тек қана әкімшілер немесе жеке тұлғаларға штрафтар салып жатырмыз.