Электр энергиясының орташа бағасы 12 теңге 69 тиынға жетті. Дегенмен Алматыда баға қымбат: мұнда тұрғындар 17 теңгеден төлейді. Жылумен қамтудың орташа тарифі - 3000 теңге. Дегенмен, Алматы, Шымкент, Атырау мен Қостанай облысында жылудың ақысы 4000 теңгеден асады. Елде сумен қамтудың орташа бағасы текше метріне 64 теңге шамасында. Алайда Маңғыстау облысында тариф қымбат – өңірде халық текше метріне 200 теңгеден төлейді. Тұрғын үйлерде газдың орташа бағасы 20 теңгеге жуық. Тек Нұр-Сұлтанда тариф 30 теңгеден асады.
Ақерке Бектас