Пандемияға қарамастан контейнермен жүк жеткізу 32%-ке артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемияға қарамастан контейнермен жүк жеткізу 32%-ке артты

12.01.2021

Былтыр пандемия мен локдаунға қарамастан, контейнермен жүк тасымалы 32%-ке артқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан арқылы 800-ден аса 8-10 тонналық контейнер тасымалданғанын хабарлады. 2019 жылы теміржол мен теңіз арқылы 600-ден аса 10 тонналық контейнер жеткізілген еді. Ал жүк көліктерінің тасымалына кедендегі кедергілер себеп болғанын айта кетейік. Әсіресе Қытаймен арадағы алыс-берісте былтыр біраз шектеу болған.   

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу