Коронавирус пандемиясы мен дағдарысқа байланысты Қазақстанда пара беру көлемі азайды. Мұндай тұжырымға Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры келіп отыр. Ұйым 9 мың адамға сауалнама жүргізген. Пара беріп, шаруасын шешкендер ең азы - мың, ең көбі 300 мың теңге берген.
Жалпы, өңірлер бойынша жемқорлық фактісі көбінде, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тіркелген. Сондай-ақ, ауруханаларда, полиция бөлімшелерінде, жер қатынастары басқармасында заңсыз пара беру әрекеттері жиі анықталады екен. Айта кетейік, биылдан бастап елде жемқорлыққа қатысты әкімшілік жаза көлемі екі есеге ұлғайды. Мәселен, 100 мың теңге көлемінде пара беріп, жауапқа тартылған азаматқа 2 миллион теңге айыппұл салынады.
Ольга Шиян, «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры:
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, облыстардағы респонденттер жемқорлықтың барын айтып, оған иек артса ғана өз мәселесін шешуге болатынын білдірген. Яғни, жемқорлықсыз бірде-бір мәселе шешілмейді деген пайым-пікірдегі өңірлер жетерлік.
Фариза Мұсақызы