Вирус жұқтырғандар саны әлі де азаяр емес. Кеше тағы 766 адамнан ковид анықталған. 584 адам бұл індеттен жазылып шыққан. Ал, вирус белгілері бар пневмонияға бір тәулікте 124 адам шалдығып, 4 науқас қайтыс болды. Жалпы, қазір 23 мыңнан аса тұрғын коронавирустан емделіп жатыр. Оның 5 700-ден астамы стационарда, 18 мыңға жуық науқас амбулаторлық ем қабылдап жатыр.