Қостанайда  жүк көлігі бойжеткенді екі рет басып өткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда  жүк көлігі бойжеткенді екі рет басып өткен

21.07.2017

33 жастағы «Газель» жүргізушісі 25 жастағы бойжеткенді екі рет басып өткен. Оқиға Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентінде түнгі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші осы маңдағы дәмханалардың бірінен шыққан. Бұған дейін жүргізуші мен бойжеткеннің арасында келіспеушілік туындаған болуы мүмкін. Жәбірленуші сол күні ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, оның жамбасы, омыртқасы мен қабырғасы сынған. Іш құрылысында да жабық жарақаттар бар. Қазір науқас есін жиған, бірақ, жағдайы әлі ауыр. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу