Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлаған зейнеткердің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлаған зейнеткердің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

14.01.2021

Павлодарда әйел адамның жылу құбырындағы апат шұқырына құлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Зейнеткер 100 градустық температурадағы ыстық суға күйіп қалған. Қазір ауруханада, жағдайы әлі де ауыр. 

Естеріңізге сала кетейік , қаңтардың 7-сі күні құбыр жарылып, бірнеше үй жылусыз қалған болатын. Зейнеткер жөндеу жұмыстары жүріп жатқан сол аумаққа өтіп кетіп зардап шекті. Егер «Жылу жүйелері» серіктестігінің кінәсі дәлелденсе, жауапты тұлға 6 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмауына қатысты қылмыстық заңның 277-бабы бойынша іс қозғалды. Ыстық суға күйген тұрғынның денсаулығына аса ауыр зақым келді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу